Международное бюро спикеров
- (офис в Москве)
- +7 (906) 785-33-41 WhatsApp 24|7
QAZAQ SPEAKERS 2019
HUBSPEAKERS Халықаралық спикерлер бюросы және Friends Media Group брендинг агенттігі спикерлер байқауын жариялайды!
Қазақстан - шығармашылық секторының өкілдері үшін (сәулет, IT, сән, кино, медиа және басқа да салалары үшін) керемет коммуникациялық алаң; кіші бизнестен ірі бизнеске дейін; мемлекеттік және жеке деңгейде жетекші орын алатын өндірістерді дамытатын адамдар үшін (медицина, білім, ауыл шаруашылығы және т.б.); фрилансерлер, жоба менеджерлері және басқа да мамандар үшін, олардың қызметі инновацияларды енгізумен, жаңа білімді игерумен байланысты.
"Qazaq speakers 2019" байқауы Қазақстанның мықты спикерлерін анықтау және болашақта өзара әрекет жасау үшін, жаңа міндеттер қойып, оларды шешу үшін сарапшылар қатарынан топ құру мақсатында өткізіледі.
Байқаудың басты жүлдесі-2019 жылы 9-10 қазанда Хельсинкиде өтетін әлемдегі ең шабыттандыратын Nordic Business Forum бизнес-форумына сапар. Байқаудың финалистерін демеушілер атынан сыйлықтар мен Құрмет грамоталары күтеді.
Сіз өтінімді 2019 жылдың 1 тамызынан 31 тамызға дейін hubspeakers.kz сайтына жібере аласыз.
Байқауға кім қатыса алады:
- Өзіне деген сеніммен əрі өз саласы бойынша мықты сарапшы болып танылатын жаңадан бастап жүрген спикерлер
- Кəсіби спикерлер
- Сіздің қызметіңіз, мəртебеңіз маңызды емес, жасы (18+)
Байқау ережелері:
Қатысушы hubspeakers.kz сайтында өзінің байқауға арналған бейне презентациясының (уақыты 3 минутқа дейін) сілтемесін көрсетіп, өтінімді толтыруы керек. Бейне материалды қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде жазуға болады. Егер қазақ және ағылшын тілдерінде жазылған болса, онда орысша субтитрлер болуы керек. Қазылар алқасының құрамына Қазақстан, Ресей және Ұлыбритания өкілдері кіреді.
Бейне материал тақырыбын инновациялармен, көшбасшылықпен және soft skills (сыни ойлау, ой икемділігі, креативтілік, эмоциялық және әлеуметтік интеллект, коммуникативтік дағдылармен) байланыстыру қажет.
Байқау төрт кезеңнен тұрады:
1 - кезең. 1-31 тамыз аралығында өтінімдер қабылданады. Сондай-ақ, байқаудың бірінші күнінен бастап сайтта халықтық дауыс беру басталады.
2 - кезең. 1-8 қыркүйек аралығында қазылар алқасы финалға жіберілген 5 қатысушыны және сайтта ең көп дауыс жинаған 5 қатысушыны іріктейді.
3 - кезең. 9-19 қыркүйек аралығында қатысушыларды Media Talks конференциясында финалдық сөз сөйлеуге дайындық жүргізеді.
4 - кезең. 20 қыркүйекте Media Talks өткізіледі, онда финалистер сөз сөйлейді, сондай-ақ халықаралық қазылар алқасы жеңімпаздарды жариялайды.
"QAZAQ SPEAKERS 2019" спикерлер байқауының ұйымдастырушылары - HUBSPEAKERS халықаралық спикерлер бюросы мен Friends Media Group брендинг агенттігі.
Іріктеу кезеңінің кураторлары:
Асхат Кужахметов
Назира Утепова
Сабина Абатова
Қазылар алқасы
Махаббат Есен
«Qazaq speakers 2019» байқауы қазылар алқасының төрағасы.
Журналист, телерадио жүргізуші, БАҚ саласы бойынша біліктілікті арттыру орталығының басшысы.
Радислав Гандапас
Президент Ассоциации Спикеров СНГ.
Мерей Мустафина
Umay Global Summit бас продюсері.
Рахым Ошақбаев
«Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры.
Ерлан Халижанұлы Бекхожин
"Хабар" агенттігі АҚ Басқарма төрағасы.
Екатерина Копаева
«СИБУР» ЖШҚ, клиенттерді тарту және клиенттік тәжірибелерді дамыту, бағыт жетекшісі.
Майк Гибсон
Лондонның креативті индустриялар саласындағы кәсіпкер, WOSTOK брендінің негізін қалаушы.
Вячеслав Владимиров
«Сбербанк» Мини-МВА бағдарламасының, Сбербанктің «Корпоративный университет Сбербанка» атты қосымша кәсіптік білім берудің дербес коммерциялық емес ұйымының атқарушы директоры.
Мұрат Əбенов
Ұлттық білім беру жəне инновация палатасы кеңесінің төрағасы.
Сәкен Жұмашев
Қазақстан мен Орталық Азиядағы KPMG басқарушы серіктесі.
Асылбек Қожахметов
Almaty Management University президенті.
Ресми серіктес
Ақпараттық серіктестер
Ақпараттық анықтама:
HUBSPEAKERS Халықаралық спикерлер бюросы 2014 жылы құрылған, Ресейде және Қазақстанда екі кеңсесі бар. Негізгі мамандануы - спикерлерді іздеу, таңдау және продюсирлеу. Бес жыл ішінде HUBSpeakers командасы әр түрлі саладағы 1200+ іс-шараға спикерлерді таңдады. Клиенттер арасында: Global Business Club (Ұлыбритания), VP BANK (Швейцария), STADA, Северсталь, Ферреро (Италия), Райффайзен Банк, Сбербанк, Уго Босс, МТС, Порше, ВТБ, PepsiCo, Philips, Amway, Unipro, Takeda, Norilsky никель және тағы басқа көптеген компаниялар болды. HUBSpeakers туралы қосымша ақпаратты Секрет Фирмы, VC, Event.ru, Forbes басылымдарынан біле аласыз.
Friends Media Group брендинг агенттігі брендингке, сондай-ақ брендті жылжытуға және басқаруға арналған кешенді қызмет түрлерін ұсынады. Жұмыстар кешенін жүзеге асыруға маманданған, бұл жұмыс процестерін қатар жүргізуге және кез келген қиындықтарды шеше отырып, уақыт шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Nordic Business Forum 2019:
Nordic Business Forum-Еуропаның ең ірі бизнес-форумдарының бірі. Жыл сайын осы іс-шараға әлемдік бизнес-қауымдастықтың "рок-жұлдыздары", көрнекті ғалымдар, саясаткерлер, актерлер, спортшылар, мотивациялық спикерлер қатысады.
Оныншы жыл сайынғы Nordic Business Forum 2019 жылы 9-10 қазанда Хельсинкиде өтеді. Форум биылғы жылы тұрақты дамуға арналады, ал хедлайнер актер, кинорежиссер және бизнесмен Джордж Клуни болады.
Толығырақ сілтемеде
Жазылыңыз және жаңалықтарды бақылап отырыңыз
Поделиться
Спикердің байқауға тіркелуі
Осы нысанды толтырған кезде, сізбен шұғыл хабарласу мүмкіндігі болу үшін байланыс деректеріңіздің дәл екендігіне көз жеткізіңіз.